14.07.2016, 16:51
Оқылды: 25

Күздік егінге орақ түспек

Күздік егінге орақ түспек   Биылғы жылы күздік егін Лубен ауылдық округіне қарасты «Мезинов.Н.» шаруа қожалығында егілген. Барлығы 100 гектар болатын егістіктің жартысына қара бидай, жартысына  күздік бидай сепкен шаруашылық басшысы биыл егіннің бітік шыққанына көз жеткізе отырып, енді  оны шашау шығармай жиып алуды ойлауда.

   Күні - түні тыным таппайтын, техникасы, қамбасы да әзір  тұрған шаруа жан тек егіннің пісуін ғана күтіп отырған жайы бар,-дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің бас агрономы Ө. Отарбаев. Ия, биылғы жауған жауынның көптігі дәннің тола түсуіне, күннің қызуы- пісуіне  сеп  болып, дихандардың  енді  еккен егіннен жақсы өнім алуы шарт.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале