19.08.2016, 12:59
Оқылды: 17

Күз өнімі-қысқа азық

Күз өнімі-қысқа азық   Шыңғырлау ауданында егін орағы қалыпты жүріп жатыр. Бүгінгі таңда «Жаңа жер» ШҚ (жетекшісі Әлібек Талдыбаев) 1647 га бидай егістігін орып болып қалды. Бұл туралы шаруашылықтың бас агрономы Ерсайын Телегенов айтып отыр.


  Шаруашылық  420 га жерінен 17,6 ц-ден арпа және 1647 га жерден гектарына 15 ц-ден астық алуда. Осылайша арпа және бидай егіп, оны жинап алуда аудан бойынша алға шыққан «Жаңа жер» шаруашылығы 2038 т астық жинап алды.

   Алда әлі тары  және қонақ жүгері орағы тұр.  Сондай-ақ, күзгі егінге даярлық, яғни, 700 га күздік бидай егу жұмыстарына да  кіріспекші. Бүгінгі күнге 300 га сүдігер жыртылып дайын тұр.

   Жалпы аудан бойынша 3647 га жерге дәнді, майлы дақылдар, бақшалық көкөністер егілген болатын. Бүгінгі таңда дәнді дақылдардан 2010 га алқап шабылып, 12,6 ц/га түсім беріп, 2540 т дәнді дақыл жиналды. Атап айтқанда, арпа-948 т, бидай-1472 т, күздік бидай-60 т және күздік қарабидай-60 т жиналды.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы  

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале