6.10.2016, 13:02
Оқылды: 28

Күйгенкөлдік жастар белсенділік танытуда

%d0%ba%d1%83%d0%b9%d0%b3%d0%b5%d0%bd%d0%ba%d0%be%d0%bbЖәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Данияр Қайсағалиевтың мәліметіне қарағанда биыл күзгі мерзімде аудан бойынша 210 жас әскер қатарына шақырылған. Әскерге шақырушылар дәрігерлік байқаудан өтіп, денсаулық жағдайы анықталуда. Күзгі мерзімге әскерге шақырылғандар санының қатары күннен-күнге артуда. Мәселен, Күйгенкөл ауылдық округінен әскерге 15 жас шақырылса, күні бүгін солардың бәрі де аудандық шақыру комиссиясына келген. Әскер қатарына шақырылып отырғандардың арасында техникалық білімі бар жастар әуе қорғаныс саласындағы әскери бөлімдерге,  ал спортқа бейімділері аэроұтқыр әскерилердің қатарына жолдануда. Жалпы денсаулығы жарамды жастардың барлығы да әртүрлі әскери бөлімдерге жіберіліп отыр.

                                                                                                            Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале