7.04.2016, 11:36
Оқылды: 20

Күйші бөкейліктер қошеметіне бөленді

 Bokei kyishi    «Turkvision–2014» ән байқауында Жанар Дұғаловамен бірге өнер көрсетіп, бас жүлдеге ие болған күйші-домбырашы, әнші, әртіс Нұржан Тәжікенов өзінің гастрольдік сапарымен Бөкей ордасы ауданына келіп, жиылған жұртшылық назарына «Домбырам қолымда» атты ән-күй кешін ұсынды. «Лалай», «Айналайын», «Ән сал, жүрегім», «Ұрлаймын», «Қазақ қыздары» әндері мен «Адай», «Баланың анаға сағынышы», «Көңіл толқыны», т.б. күйлерді орындап, шынайы қазақы өнерге сусап қалған халықты бір серпілтті.


     Атырау облысы, Құлсары ауданы, Жылыой ауылының тумасы, бүгінде алматылық Нұржан елге оралдық жерлесіміз Баян Есентаеваның дұғай-дұғай сәлемін жеткізіп, өз шығармаларының шығу тарихын айтып, көпшілікпен рухани сырласуды да ұмыт қалдырмады. Бөкейліктер талантты жасқа деген ризашылықтарын ыстық ықылас, зор қошеметтерімен білдірсе, аудан әкімі орынбасары Рүстем Мүлкайұлы алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале