28.10.2015, 17:18
Оқылды: 21

КҮЙ - ҚҰДІРЕТ ҚАШАНДА  

 

ОркестрАқсай шаһары ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Секен Тұрысбек жетекшілік ететін «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрінің тамаша концертіне куә болды.

Ең алдымен күй атасы Құрманғазы, ер Исатай мен Махамбет, кемеңгер Сырым Датұлы, Алаш ардақтысы Жаһанша Досмұхамедұлы, Мәншүктей батыр қызды дүниеге әкелген киелі елге сәлем берген оркестр Жантөре Айшуақұлының «Шалқыма» күйімен концерттің шымылдығын ашты.

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, шағын қалаларда тұратын халықтың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік өнер және әдебиет туындыларын насихаттау, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында ел аралап жүрген оркестрге көрермен шексіз ризашылығын білдірді.

Оркестр халық күйлері мен Сәкен Тұрсысбековтің бірнеше шығармаларын, орыс, сыған әуендерін орындады, ал солистер Ерлан Рысқалиев, Алтынай Мамыровалар әсем дауыстарымен ән шырқады.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Қаналин өнер саңлақтарына аудан жұртшылығы атынан алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале