20.05.2015, 17:31
Оқылды: 22

Күмісті олжалаған Ерназар

Jaraisin Ernazar   16-17 мамыр күндері Ресейдің Орынбор қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Еуропа кубогі оздырылды.

         17 мемлекеттен келген жасөспірім палуандар татамиде өз бақтарын сынады. Біздің жерлесіміз Ерназар елдің үмітін ақтап, тұғырдың биік белесінен көріне білді. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ерназар Хамза 81 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, күміс медалді олжалады. Бүгінде спорт шебері Ерназар ініміз Орынбор қаласында жаттығу үстінде екен. Ерназар Хамзаның алғашқы ұстазы ақпәтерлік Жеңіс Стамғазиев шәкірттерімен әрдайымда мақтанып отырады. Бізде барша оқырман қауым атынан жарайсың Ерназар дегіміз келеді.

www.zhaikpress.kz

         Тұрарбек АҚМУРЗИН

Ақпәтер ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале