25.02.2016, 10:01
Оқылды: 23

Күміс алқа тапсырылды

 ShingirlauKymis alka tapsirildi  Шыңғырлау ауданы дәрігерлерінің мерейін үстем еткен салтанатты жәйттің куәсі болдық.  «Қазақстан стоматологиялық Ассоциациясы» ҚБ 25 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде осы салада еңбек етіп, табысты жұмысымен көзге түсіп келе жатқан мамандар марапатталуда екен. Осы мерейлі мереке қарсаңында БҚО өңіріне де 1 алтын, 2 күміс алқа мен 5 мақтау грамотасы бөлініпті.


Соның бірі ауданымызда 27 жылдан аса, бір орында тындырымды еңбек етіп, халықтың сый-құрметіне, әріптестерінің шынайы ықыласына бөленіп келе жатқан,  15 жыл жоғары санатты дәрігер атанып келе жатқан  Әкима  Оразалинаға берілгені үлкен сүйінішті. Бұл марапат тек бір адамға  ғана емес, бүкіл аудан дәрігерлеріне берілген үлкен баға деп түсінеміз.

Осы күміс алқаны тапсыру үшін Астана қаласындағы «Стоматология саласы бойынша біліктілікті арттыру оқу орталығы» ММ басшысы, БҚО бойынша курьері Баян Агесинова арнайы келіп, аудан дәрігерлері бас қосқан жиында Әкима Мұрзағалиқызына аталмыш алқаны табыс етіп, құттықтады.

Өз кезектерінде әріптестері атынан осы мекеменің директоры Қ.Жазықбаев, поликлиника меңгерушісі Д.Жүнісова жылы лебіздерін жеткізсе, Ә.Оразалина да өзіне білдірілген үлкен құрмет үшін жұмыстастарына шын көңілден шыққан тілегін білдірді. Өз еңбегінің жемісін көріп отырған білікті дәрігерге күмістен алқа таққан мерейлі күнімен құттықтай отырып, ауданымыздың еншісіне бұйырар мұндай алқалар саны алда да көп болғай дегіміз келеді.

     www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале