22.12.2015, 21:46
Оқылды: 57

Күннен қуат алатын батарея орнатып, шаруасын жандандыра түсті

 Janakala Kynnen kuat alatin  Жаңақалалық Т.Мусин басқаратын «Муса» шаруа қожалығы асылтұқымды мал өсірумен айналысып, іскерлігімен таныла бастаған, аудан мақтанышы болған шаруашылықтардың бірі. Мұнда қазір герефорд та, абердин-ангус та өсіріледі. Оның үстіне жаңашыл шаруа ауданда алғашқы болып биыл Қонақай қыстағына алты күн батареясын орнатып, электр энергиясын алуды жаңа технологиямен шешіп еді.


    Жуырда қожалық Базарқұдыққа да күн көзінен қуат өндіретін тағы он төрт батарея орнатып, шалғайдағы шаруашылықты толықтай электр энергиясымен қамтыды.

   -Мұнда 14 күн батареясын қондыртып алдым. Тұманды күн ұласып кетпесе шаруамызға қажетті электр энергиясын еркін береді,-дейді Тілеген жаңа технологияның игілігін көргеніне ризашылығын жасырмай.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале