12.06.2015, 17:55
Оқылды: 29

Күннің көзі мен желдің күші игеріледі

Janakala kynnin kozi  Жаңақала ауданындағы «Мұса» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеген Мусин күн батареяларын орнатты.

Күн батареяларының әрқайсысы тәулігіне ең төменгі есеппен 1,5 киловатт қуат өндіреді. Жинақталып келгенде 9 киловатт қуат. Бір үйдің орташа есеппен 3-5 киловатт қуат тұтынатынын ескерсек, бұл жеткілікті мөлшер екенін бағамдаймыз. Әрі бұл төмендетіп айтқаны, қажетіңе қарай тәулігіне 10-12 киловатт өндіруге болады. Батареялардың мерзімі 25 жыл. Жөндеп, майлап әуре болмайсың, тек ара-тұра шаңын сүртсең болғаны. Ал, «Маглев» жүйесіндегі жел генераторы сағатына 100 ватт қуат береді. Түнгі мезгілде аккумуляторды қоректендіру үшін орнатылыпты. Күн батареяларын орнатушы Алексейдің айтқанына сенсек, біз күнге бай екенбіз. «Егер маған салса, жел генераторының орнына сол ақшаға тағы бірер күн батареясын алар едім. Өйткені, сізде түннің қысқалығы сонша таңғы рауан себездеп түскенше аккумулятордағы жинақталған ток сарқылып үлгермейді» дейді.

www.zhaikpress.kz

Қаһарман ЗИНУЛЛИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале