10.06.2015, 17:04
Оқылды: 24

«Күншуақта» күмбірлете күй шертті

kuiТасқала аудандық саз мектебінің оқушысы Камила Саматова Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» байқауына қатысып, музыкалық аспап және домбыра аталымы бойынша сынға түсті.

Халық күйлерін өскелең ұрпақтың бойына кеңінен сіңіре білген Райгүл Жадаева сынды ұстаздан  тәлім алған Камила осы байқауда «Қыз Ақжелең» мен «Жастар биі» күйлерін нақышына келтіре орындап, жүлделі екінші орынды қанағат тұтты. Бұл Камилла үшін үлкен жетістік болды.

www.zhaikpress.kz

Н.Жәрдемова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале