7.06.2016, 17:12
Оқылды: 15

Күн сайын ауызашар беріледі

?????????????

   Кешегі айдың аяғында облыстық «Орал өңірі» газетінде Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ерлан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі жарияланды.


   Бас мүфти өзінің үндеуінде «Қасиетті айдың құрметі үшін Құдайы астар мен садақалар, ауызашарлар ұйымдастырылса» деген тілегін жеткізген. Осыған байланысты Сырым ауданының жергілікті басшылығы игілікті жұмысты қолға алды.

     Ораза айының әрбір күнінде аудандағы мекеме ұжымдары Сырым ауданының орталық мешітінде жергілікті  жамағат үшін ауызашар ұйымдастырмақшы. Кеше Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы және Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ауызашар берді.

www.zhaikpress.kz

СЫРЫМ АУДАНЫ

Бауыржан Ширмединұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале