29.09.2016, 16:46
Оқылды: 24

Күн тәртібінде - жастарды имандылыққа тәрбиелеу

 %d0%ba%d2%af%d0%bd-%d1%82%d3%99%d1%80%d1%82%d1%96%d0%b1%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d0%b8%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d2%9b%d0%b0  29 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мәжілісі өтті.

Мәжілісте ислам  дінінің құндылықтары, салт- дәстүрді насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жасөспірімдердің дәрігерлік тексерістен уақытылы өтуі жөнінде келелі әңгімелер айтылды.


Аудан әкімдігі жанындағы мәжілісте Болашақ, Қарасу, Талдықұдық ауылдық округінің әкімдері Қобылан Дүйсенов, Эдуард Ешмұқанов, Ақмарал Қуанышқалиева, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Мақсат Нығметов, Жалпақтал аудандық аурухананың дәрігері Нұрсәуле Нығметова, атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде хабарлап өтті.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале