28.04.2016, 17:54
Оқылды: 19

Күшіміз бірлікте!

 Aksai korei    Орал қаласындағы «Достық» үйінде «Күшіміз бірлікте» атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге Ақсай қаласының барлық мектептеріндегі интернационалды Достық клубының және «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ынтымақ» депутаттық тобының мүшелері  қатысты.  Шараны ашқан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов жаңадан ашылған  «Достық» үйін таныстырып, ел жастарына ерекше сенім артатынын жеткізді.


    Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша 2014 жылы облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің бастамасымен Бөрлі ауданының алты мектебінде интернационалды достық клубы құрылған.  Аталмыш клуб оқушылардың мәдени, рухани дамуына септігін тигізіп, оларды қоғамда белсенді болуға үйретті. Қазақ елінде тұратын этностардың шығармашылығын дәріптеп,  өзгелерге үлгі еткен олардың жұмысын көпшілік жақсы қабылдады. Соның негізінде Ақсай қаласының клубтары жастар жиналатын көпшілік шаралардың орталығына, достық пен бірліктің шаңырағына айналған. 2015 жылы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында Ақсай қаласындағы №3 мектеп ЮНЕСКО  Ассоцациялық мектебінің мәртебесін алды. Осы бағытта аталмыш білім ошағының оқушылары экологияны қорғау бойынша жобалар  және өнер, білім саласында әлемдік алаңға шығуға мүмкіндік алды.

     Шараға қатысушылар бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталып, осы мақсатта жасап жатқан жұмыстары туралы мәлімдеме жасады.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале