2.06.2015, 11:17
Оқылды: 48

КҮШ - АТАСЫН ТАНЫМАС...

KAjimykan  Бөрлі ауданында алғаш рет қара күштің сайысынан «Қажымұқан» аудандық турнирі өтті.

Қазақ халқынан шыққан тұңғыш балуан, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімі қай қазаққа да таныс болса керек. Бүгінгі таңда қара күш иесінің ізін жалғап, спорттық шараларда топ жарып жүрген білегі мықты «мен» деген жігіттер де баршылық. Бұл турнирде де осындай өз күшіне сенген 11 ер-азамат сынға түсті. Бұл жігіттер алдымен 150 келі гір тасын 10 метр қашықтыққа тасудан сынға түсті. Осыдан соң салмағы 60 келі болатын 3 дөңгелек затты үстел үстіне қойып күштерін сынады. Үшінші сын К-700 тракторының дөңгелегін 10 метр қашықтыққа аударып апару болды. Мықтылар сонымен қатар 70 килограмдық бөренені басынан асыра көтеруден жарысты. Сондай-ақ «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін 10 метр қашықтыққа уақытты есептей отырып сүйреуден күштерін сынады. Ең соңында 4 тонналық автобусты сүйреген мықтылар абсолютті чемпион атағына ие болу үшін аянбай тер төкті. Күштерін сынаған мықтылар арасынан І орынды Вадим Симаченко жеңіп алса, ІІ орынды Дубашев Ерлан иеленді. Жургенбеков Еркебұлан ІІІ орынның жүлдесін қанағат тұтты. Ал Қалимолла Серік автобус сүйрегендер арасынан абсолютті чемпион атанды. А. Рахманкулов, А. Италиев, И. Дүйсенбаев, Е. Калиевтер турнирдің өтуіне қаржылай демеушілік көрсетті. Абсолютті чемпионға 50 мың теңге жүлде, жеңімпаз бен жүлдегерлерге де 10, 20, 30 мың теңгеден ақшалай жүлделер табыс етілді. Сонымен қатар бұл жеңіс тұғырына көтерілгендер турнирді ұйымдастырған «Сарыарқа» спорт клубының тиісті дәрежедегі дипломдарымен және кубоктармен марапатталды. Енді мұндай жарысты күз мезгілінде өткізу жоспарланып отыр.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале