23.11.2015, 18:05
Оқылды: 48

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті

    B maken shara01    Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен отырыста жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтің алдын алу шаралары жөніндегі ведомстоаралық жоспардың орындалуы сөз болды.


        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім, ішкі саясат, денсаулық сақтау басқармалары, ішкі істер департаменті өкілдерінің есептік баяндамалары тыңдалып, комиссия мүшелері қоғам дертіне айналған осынау мәселе жөнінде кеңесті.

B maken shara02

        Облыста педагог-психологтар біліктіліктерін жетілдіруде, семинар-тренингтер, түсінік жұмыстары, шаралар бәрі жоспарға сай жүргізілуде. Алайда аталмыш жағдай орын алып жатқаны шындық, тоқтату мүмкін болмай тұр. Мұны комиссия мүшелері де жақсы біледі. Құр жоспар, сөзден іске көшетін, жаңаша әдіс-тәсілдер ойласатын уақыт та жеткенін өздері де айтып отыр. Қоғамда суицид айтыла түскеннен азаймасы анық. Психологтар оған барған баланың көңіл-күйін соңғы сәтіне дейін дөп басып анықтай алмауда. Себебі бұл дерттің түбі – адамның санасында. Балаларды осы бағыттағы түрлі сайттардан, ақпараттан мектеп ғаламторы сақтандырғанымен, олардың әрқайсысының қалтасындағы ұялы телефонның  ғаламторынан тию мүмкін еместей. Мұндай жағдай үйдегі тәрбиеге, ата-ана талабына, қадағалауына байланысты. Комиссия құрамындағы мамандар баланы ерте жастан өзіне, айналасына деген жауапкершілікті сезінуге үйрету қажеттігін айтты. Бәрін алдына дайындап бермей еңбекке тәрбиелеу де жемісін бермек. Мамандардың әр баламен жеке жұмыстануы өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ бұған отбасы-мектеп-қоғам болып атсалыспасу да қажет-ақ.

Жиын соңында алдағы жылға жоспар бекітілді.

 www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале