11.08.2016, 17:25
Оқылды: 15

Кәрім Мәсімов БҚО-ның қоғам өкілдерімен кездесті

Kogam okilderi   ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Оралдағы қоғам және зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды pm.kz.

Кездесуге қатысушылар аймақтың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, құрылыс, жол-көлік инфрақұрылымы, жастарды жұмысқа орналастыру тақырыптары көтеріліп, Орал өзеніндегі экологиялық ахуал туралы айтылды.


Премьер-Министрге өз ұсыныстарын шығармашылық зиялы қауым өкілдері де білдірді. Мәселен, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева жастарға рухани тәрбие берудің және мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан Инновациялық университетінің доценті А.Әбділманов белгілі қазақ жазушысы Хамза Есенжановтың есімін балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханаға беруді ұсынды.

Оралдық азаматтарды толғандырған сұрақтарға мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Көшербаев, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов, білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова тұщымды жауаптарын берді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале