6.06.2015, 15:24
Оқылды: 20

Кәсіби білімді жетілдіру мақсатында

Kasibi bilimdi jetildiru maksatinda Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы оқытудың дуалды жүйесінің қағидатына негізделген инновациялық тәжірибені енгізу мақсатында Ақжайық ауданындағы Тайпақ колледжі базасында «Дуалды оқыту жүйесі – кәсіби білімді жетілдірудің негізі» тақырыбында аймақтық семинар оздырылды. 

Осында аталған тақырыпта аймақтық семинарға облыстық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Жанар Карманова, БҚО кәсіпкерлер палатасы Ақжайық ауданындағы филиалының директоры Нұрболат Жаңатауов, көршілес Индер (Атырау облысы) көпбейінді ауылшаруашылық колледжі директоры Бағытжан Құнас, Тасқала колледжі директоры Бауыржан Жанекенов және Ақжайық агротехколледжі директоры Бақытжан Қоспаев, сондай-ақ Жаңақала, Жалпақтал, Тасқала колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері кеңінен пікірлесіп, өздеріндегі алғашқы тәжірибелерді ортаға салды.

«Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша өндірістік сабақтар «Жалмырза» шаруа қожалығында «Жер өңдеу» тақырыбында өтті. Тайпақ колледжі өндірістік оқытудың аға мастері Қ.Сариевтің машықтық сабақтары әріптестерін қызықтырды.

Тайпақтағы бұл оқу орнының шәкірттері бүгінде бірнеше шаруа қожалығында және көлік жөндейтін, тұрмыстық қалдықтарды шығаратын, баспаналарға ауыз су құбырын жүргізетін жеке кәсіпорындарда еңбек етуде. Студенттер жасағы сонымен қатар, «жасыл ораққа» дайындалуда.

Тайпақ колледжі және әлеуметтік серіктестіктер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға арналған меморандумға, Тайпақ ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары және кәсіпорын жетекшілерімен меморандумға қол қойылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале