21.04.2016, 12:23
Оқылды: 16

Кәсіби емес медиаторлар барған сайын жақсы тәжірибе жинақтауда

????????????????????????????????????

     2015 жылы Ақжайық аудандық соты бойынша кәсіби емес медиаторлар азаматтық 10, қылмыстық істер бойынша – 41 істі қарап, тараптарды татуластырған. Ал биылғы І тоқсанда олар 2 азаматтық, қылмыстық істер бойынша 4 істі аяқтады.

     Елбасы ұсынған Ұлт жоспарындағы «100 нақты қадамның» 11 қадамы тек қана сот жүйесіне бағытталған және олар азаматтар мен сот жүйесі арасындағы байланысты одан әрі нығайтуды көздейді.


      Бұл құжатта сот процестерінде тараптар үшін әрі ыңғайлы, әрі тез, оларға ұтымды болатын бітістіру рәсімдерін қолдану тәртібін кеңінен енгізуге, оның ішінде медиацияны дамытуға ерекше екпін берілген. Міне, Ақжайық аудандық соты Чапаевта кәсіби емес медиатормен өткізген семинарда осыған қатысты мән-жайлар, мақсаттар кеңінен баяндалды. Сот төрағасы Амирхан Куликешев сот қамтитын аумақтағы ауылдар бойынша 50 кәсіби емес бітістірушінің арасында барған сайын жақсы тәжірибе жинағандар аяқтаған істерден мысалдар келтіре отырып, ауыл тұрғындарының тұрғылықты мекенжайынан алысқа бармай-ақ, даулардың шешіміне татуласу арқылы қол жеткізудің біздің тыныс-тіршілігімізге кеңінен еніп келе жатқанын айтты.

     Аудан ауылдары бойынша бүгінде 9 медиация кабинеті жұмыс жасайды, тағы да осындай орындар ашылатын болады. Кәсіби еместердің қатары нығаятыны да сөзсіз. Ауылдық округ әкімдірінің тарапынан оларға тиісті көмек көрсетілуде. А.Куликешев және сот қызметкерлері жиналғандарға «Медиация туралы» Заңнан тағы да түсініктер беріп, пысықтаулар жүргізді. Дауды талқылау кезінде тараптардың шешім қабылдауына көмек көрсетуде медиаторлар заңнаманы оқып-үйренудің маңызын ерекше атады. Дау туындаған жағжайда тараптардың медиаторға жүгінуіне кеңес беріп, кәсіби еместердің олармен жұмыс жүргізуіне жағдай жасау тетігін іске асырудың шаралары қаралды. Чапаев ауылдық округі әкімі Маханбет Әбілов, кәсіби емес медиаторлар Жігербай Қажығалиев, Хаби Қадисов, Альмира Мушағалиева және басқалар соттағы уақыт талабына сай қадамдарға көпшіліктің мүдделілігін өрістетуге қатысты ой-толғамдарын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале