23.07.2015, 18:40
Оқылды: 28

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін

Kaztalovkaaudandik pressa    Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жариялады, іске асыру тетігін айқындады.

Президент кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп, ашықтыққа басымдық беруді жүктеді. Бұл ретте сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын арнайы бөлім құру қажеттілігі де айтылды.
23 шілде күні Қазталов ауданында Жаңақала, Жәнібек және Қазталов аудандары әкімі мен мәслихат аппаратының басшылары, бөлім жетекшілерінің қатысуымен семинар өтті.

Бұл семинарға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының  орынбасары Арман Жалмағамбетов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі БҚО департаментінің басқарма басшысы Жұбаныш Аманқос қатысып, қатысушылар алдында кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемқызметшілердің сапалық деңгейін арттыру жөнінде айтты.

Семинарға қатысушылар кәсіби мемлекеттік аппарат құруда жергілікті жердің жағдайын да ескеру қажеттігі жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Семинар жұмысын аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Аудандық баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале