9.07.2015, 9:21
Оқылды: 36

Кәсібің нәсібіңе айналсын, Алмаз!

Janibek-kasibin-nasibinen-tapkandarАлмаз Нысанбаев - 2007 жылдан бастап отбасымен кәсіпкерлікке түрен салған жас. Анасы Сәуле  2010 жылы өз атында ауылдың көрнекті жерінен дүкен ашып,  «МНМ Орал» ЖШС және АШҚКК-нан несие алды.  Бүгінде заманауи үлгідегі дүкені халыққа тиімді қызмет көрсетуде.Қаржы саласы мен заңгерлік мамандықты қатар  игерген Алмаз  2011 жылы өз атында   «Жасмина»  жеке кәсіпкерлігін ашқан болатын.  Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина Алмаз туралы бізге былай деді:«Жігерлі жігіт қазіргі күні  Жәнібек ауылында супермаркет құрылысын жүргізіп жатыр. Оның жалпы  көлемі 290 шаршы метрді құрайды.  Құрылыс нысанында бес адам жұмыстануда. Алдағы уақытта 12 адамды жұмыспен қамтымақшы».

Өткен аптада ауданымызға іссапармен  келген облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев   аталмыш құрылыс алаңында болып, осындай бірегей жобаның Жәнібек ауылында жүзеге асырылып жатырылғанына риза болып, жас кәсіпкерге сәттілік тілей отырып, жаңалыққа жаны құштар жастарды мемлекетіміздің әрдайым қолдап отыратындығын атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале