17.02.2016, 10:20
Оқылды: 18

Кәсібі өрге басқан Виталий

Zelenov Vitali   Бүгінде Зеленов ауданы Дариян ауылында өз кәсіптерін ашып отырған жандар аз емес. Солардың бірі - Виталий Кравченко.


Ауылға кіре беріс жолдың жанынан автожуу  орнын ашқан кәсіпкеріміз:

- Жалпы, бұл кәсіпорынды ашудағы ісім жергілікті тұрғындардың үнемі қалаға шапқылай бермей, өз ауылдарында да темір тұлпарын жөндеп жуса екен деген ниеттен туған ой еді.

Кәсіпорынды  ашуға, ғимаратты салуға өз қаражатымды жұмсадым. Бүгінде қарамағымда 6 жұмысшы қызмет етеді.Оларға жалақылары уақытында беріледі. Бұдан басқа автомобильге қажетті  қосалқы бөлшектерді сататын автодүкеніміз де бар. Қазір қыс мезгілі болғандықтан келушілер саны әртүрлі. Ал көктем шығысымен жұмысымыз қызады десек те болады,-дейді.

Мұнда бір ерекшелігі, машинаның түріне қарай ішіндегі төсенішін жуу-100-200 т, шаңсорғышпен  тазалау - 600, 800, 1000 т, әйнектерді тазалау-200-300,салон-200, есіктерді жуу -200,300,400, двигателді тазалау -1000, химиялық тазалау -1000, комплекстік тазалау-(шаңсорғышпен,табалдырық,әйнек)- 1800,2300,2800 теңгеден тұрады екен.

Айта кетейік, Виталий Андреевич   1977 жылы Орал қаласында әскери отбасында дүниеге келген. Орта мектепті  1993 жылы Германиядан  тәмамдаған.  Содан соң Орал қаласындағы Жәңгір  атындағы   БҚАТУ - дың  мұнай-газ факультетін бітірген. Қазіргі  күні     жұбайы Светлана Смак екеуі  бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты  жанұя.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан  Аязбаева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале