14.09.2015, 15:00
Оқылды: 23

Кәсіпкерлерге арналған семинар

Shingirlau kasipkerlerge arnalgan seminar   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында    ауданымыздың  мекеме ұжымдарының есепшілері мен бас мамандары, кәсіпкерлер мен  сауда орталықтарының  өкілдері  бас қосқан  семинар  өтті.

Семинарды  ұйымдастырған  Шыңғырлау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы болғандықтан, бұл жиында  басқарма басшысы  Ж.Сағыновтан бастап  барлық мамандар  қазіргі таңдағы салық  туралы және  аталмыш саладағы заңнамалық өзгерістерді тиянақты түсіндіріп берді.

Семинарда  көрсетілген қызметке немесе  сатып алынған затқа  төлем төлеудің  оңайлатылған түрі- карточка қолданудың тиімділігі,  кіріс шығыстардың есебін жүргізу  тәртібі,  пост –терминал орнату сияқты  көптеген  жаңартылған үрдістер туралы айтып-түсіндірілді. Бұл жиында, әсіресе  кәсіпкерлермен жеке ісін дамытып отырған жандардың сұрақтары көптеп қойылып, тұщымды  жауаптар да қайтарылды.

www.zhaikpress.kz

 Айсұлу Арыстанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале