3.09.2015, 16:49
Оқылды: 23

Кәсіпкерлермен кездесті

Janakala kasipkerr01   Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің жалпыға ортақ еңбек қоғамында берік экономиканың негізі екенін атап өте келе, 2050 жылға қарай бұл сала еліміздің ішкі жалпы өнімінің кемінде 50 пайызын өндіруі керек деген нақты тапсырма берген-ді. Бұлжәйайтыласалғансөземес. Елбасы осы межегежетуүшін кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтетіндейжағдайтуғызуда. Шағынжәне орта бизнестің бойынақанжүгіртетіндейқауқары бар түрлімемлекеттікбағдарламалар қабылдауда. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы. Аудан әкімнің тапсырмасына орай аудандық кәсіпкерлік бөлімі «БҚО кәсіпкерлік бөлімі» Жаңақала аудандық филиалымен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтерде  кездесулер өткізуді жоспарлаған болатын. Тамыз айына жоспарланған тоғыз жиынның алғашқысы Жаңақала ауылында өтті.

Жиынды аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Ермек Меңдіхан ашты. Ол алдымен аудандағы кәсіпкерлік саласының даму көрсеткішіне жан-жақты тоқталды. Қазіргі таңда ауданда 1005 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелсе, оның 993-і жеке тұлға, 12-сі заңды тұлға. Олардың ішінде 801 жеке тұлға, 10 заңды тұлға нақты жұмыс жасап келеді. Ал тіркелген шағын субектілер саны жөнінен 108,6 пайызбен тоғызыншы орынға тұрақтады. Әйтсе де шағын кәсіпкерлік саласында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесі жылдан-жылға көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы 1583 тұрғын жеке кәсіпкерлер арқылы нәпақасын тапса, биыл 1653 тұрғын жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіш 19 пайызды көрсетті. Сәйкесінше өндірілген өнім көлемі де артты. 2014 жылы ауданда 1088,9 пайыз өнім өндірілсе, 2015 жылдың 6 айында 1204,8 өнім өндіріліп, өндірілген өнім көлемі жөнінен облыста Бөкей Ордасы және Ақжайық аудандарынан кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жөнінде түсінік беріп,  аудан экономикасына қосып отырған үлесіне жан-жақты тоқталды.

Жиналғандарға бұдан кейін «БҚО кәсіпкерлер палатасының» аудандық филиалының директоры Г.Асхамбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылу механизмдері, осы бағдарлама аясындағы мемлекеттік қолдау түрлері жөнінде нақты ақпараттар берді. Сондай-ақ осы жиында Ресей Федерациясының Волгогорад облысындағы күн мен жел энергиясы арқылы күн батареясын өндіретін бизнес орталығының жұмысы таныстырылды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале