18.02.2016, 18:28
Оқылды: 18

Кәсіпкерлермен кездесті

????????????????????????????????????

   Бүгінде елімізде инфрақұрылымды дамытып, жол бойы қызмет көрсету орындарын ашу басты назарда. Зеленов ауданына қарасты көптеген ауыл еліміздің маңызды жолдарын жағалай орналасқан. Ал, тоғыз жолдың торабында орналасқан ауыл маңында кешендердің бой көтеруі қуанышты жаңалық.


Жол бойы қызмет көрсету орындарын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған жандармен аудан әкімінің орынбасары Рафильбек Аманжол, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсел Қартқожақова аяқтай барып хал -жағдайларымен танысқан болатын.

Олар Щапов ауылының кәсіпкері Виктор Мусатов және Көшім ауылының кәсіпкері Сабырбек Мұрзағалиевпен жүздесіп, жүргізіп отырған кәсіптерінің мән жайын сұрасты.

Сонымен, бұл екі кәсіпкерде  жолаушыларға ойдағыдай қызмет көрсету үшін жолды бойлай кафенің іргетасын тұрғызған. Болашақта өресін кеңейтіп, үлкен кешенге айналдырмақ ойлары бар. Бірақ, әзірше қалталары керек қаржыны қақпай тұр екен. Осылайша, кәсіпкерлер Рафильбек Аманжолұлына өз өтініштерін айтып, шешімін таппай  жүрген мәселелерін ортаға салды.

 – Ауданымыздың басты кіріс көздерінің бірі - бизнес саласы. Кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздықты азайту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту басты назарда. Осы тұрғыда Елбасы тапсырамасымен «Бизнестің жол картасы -2020» , «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламалары ел игілігіне ұсынылып, кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге жағдай жасалуда. Бүгінгі біздің кездесуіміздің де мақсаты сол. Қолымыздан келгенше аянбай сіздер секілді еңбекқор азаматтарға көмек беру, - деген аудан әкімінің орынбасары кез келген уақытта қол ұшын беруге дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, Әсел Набиоллақызы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге несие мен құжаттарын рәсімдеуге, бизнес жоспарын құруға тағы басқа да мәселелерін шешуге әрдайым әзір екендіктерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Динара ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале