5.04.2016, 19:38
Оқылды: 21

Кәсіпкерлер бизнес-омбудсменмен кездесті

Kasipkerler palatasi      Қ. Мырза Әлі атындағы өнер және мәдениет орталығында Қазақстандағы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау бойынша өкілетті өкіл Болат Палымбетов облысымыздың кәсіпкерлерімен кездесті.


         Жиын барысында Болат Палымбетов елімізде биылдан бастап жұмыс істеп жатқан бизнес-омбудсмен институтын құрудағы мақсат пен оның міндет-миссиясына тоқталды. Өз баяндамасында ол Батыс Қазақстан облысында да кәсіпкерлік ахуалын одан әрі жақсартуға мүмкіндіктің мол екенін атап өтті. Мәселен таяуда сайланған 30 облыстық мәслихат депутатының 19-ы, қалалық мәслихаттағы 20 халық қалаулысының 11-і кәсіпкер. Олар өңірде «іскерлік климаттың» жақсаруына мүдделік танытуы тиіс.

         Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов өңірде орта және шағын кәсіпкерлікпен 47 субъектілер айналысып жатқанын, онда 108 адам өз нәпақасын тауып жүргенін жеткізді. Жалпы аймақтық өнімнің 38,8 пайызы кәсіпкерлермен өндірілген. Облыста кәсіпкерлікті қолдауға, дамытуға арналған мембағдарламалар да сәтті жүзеге асуда. Мысалы үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» ауылдағы кәсіпкерлерді қолдауда тиімді бағдарлама екенін көрсетуде. Аталмыш бағдарлама аясында несие беру бойынша Ақ Жайық өңірі республика көлемінде бастапқы үштікке кіреді.

         Жиын барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов, палатаның депертамент басшысы Ербол Өстеміровтер қоғамдық мониторинг, әкімшілік кедергілер, олармен күрес бойынша баяндамалар жасады.

Жиын соңында кәсіпкерлер Астанадан келген мәртебелі меймандарға өз сұрақтарын қойды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале