25.02.2016, 16:14
Оқылды: 16

Кәсіпкерлер тілегін ескере отырып

Akjayik kasipker tasabin eskere   Жыл басынан бері бүгінге дейін Ақжайық ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығына былтырғы осы кезеңдегіден әлдеқайда көп – 65 кәсіпкер жүгінді. Орталық консультанттары олардың сұрақтарына байланысты әсіресе тиісті заңнамалардан түсініктер берді, бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапты жүргізу дағдыларын тереңдетті.


 Өткен жылы орталық кәсіп иелеріне 1119 консультатция берді, істі бастауға қатысты 7 «дөңгелек үстел» ұйымдастырды, ауылдарда көшпелі 5 семинар өткізді. Осындай іс-шараларды биыл одан әрі тереңдетіп жалғастыру жоспарланып отыр.

– Бұл ретте жер-жердегі кәсіпкерлердің пікірлері ескерілуде,-дейді орталық консултанты Ғабдеш Найзабеков.- Біздің сервистік қызметіміз әрине, тегін жүргізіледі. Тек бизнес өкілдерімен емес, ауылдарда тұрғындармен де жүздесулер өткіземіз.

     www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале