17.09.2015, 17:06
Оқылды: 25

Кәсіпкерлікті дамыту аясындағы дөңгелек үстел

Karatobe kasipkerler jinalisi    Қыркүйектің 16-сы күні  «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының мәжіліс залында Қаратөбе аудандық прокуратурасы, Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Прокурор түсіндіреді» акциясы аясында аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлік қызмет жұмысына бақылау жүргізуші  құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел  оздырылды.

Қаратөбе ауылының кәсіпкері Гүлнар Мұсаева «Бақылау кассасы машинасын орнату мәселесіне тоқталып,  касса машинасын орнату және онымен жұмыс жүргізу үшін тиісті органдар  мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары қарастырылса, осындай басқа да қажетті  құрылғыларды  қондыру жұмыстарын аудан ішіндегі шеберлерге жасату ұйымдастырылса  деген түйінді ойын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов  кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан әрқашанда қолдау болатындығын, кәсіпкерлік қызмет жұмыстарын бақылаушы аудандағы құзырлы орындар өкілдері бірлесе түсінік жұмыстарын  жоғары деңгейде жүргізу қажеттігін айтып,  аудан кәсіпкерлерін аудан экономикасын өркендету жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале