27.06.2016, 16:59
Оқылды: 26

Кәсіпкерлік дамығаны- әлем бізді танығаны

kasipkerlik damyganyТеректі аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» атты семинар-отырыс болып өтті.


Аталмыш жиынға облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері арнайы қатысты.

Семинар-отырыста аудандағы кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар сөз болды БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары А.Ниетқалиев  шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту ел экономикасын көтеруде маңызды орынға ие екендігін атап өтсе, аудан кәсіпкерлерін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалының бас менеджері Р.Құсманов «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жаңа құралдарымен таныстырды. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалы директорының орынбасары Н.Жұмағалиев «Жұмыспен қамту жол қартасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты, яғни микрокредиттер беру бойынша сөз қозғаса, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жетекші менеджері Н.Алтаев  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының басым бағыттарын тілге тиек етті.  Жиын соңында аудан кәсіпкерлері өздерін мазалған сұрақтарын білікті мамандарға қойып, ұтымды жауап ала білді.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Нығметов уақыттарын бөліп келген мамандар мен аудан кәсіпкерлеріне алғыс білдірді. 

www.zhaikpress.kz
Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале