4.06.2015, 12:05
Оқылды: 28

Кәсіпкерлік мәселелері сөз болды

SONY DSC

SONY DSC

Жәнібек ауданы әкімдігінде БҚО «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті жанындағы және «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Айгүл Туркинаның төрайымдық етуімен Жәнібек ауданында сыбайлас жемқорлық жағдайларын алдын алу бағыты жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған аудандық мемлекеттік мекемелер басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуда Айгүл Серікқызы Елбасының кәсіпкерлік саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсету бағытында айқын шараларды қолға алғанын айта келіп,дөңгелек үстел барысында  жергілікті жерде кәсіпкерлікті дамытуда өзекті мәселелер талқыға салынатынын мәлімдеді. Бұдан соң жиналғандар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ерік Төлепқалиев «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары туралы» және «Кәсіпкерлер палатасы» АҚ аудандық филиалының төрағасы Жасұлан Басиров  ауданда кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін жемқорлық тәуекелдері жөнінде хабарламалар жасады.

Жиынның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға Жәнібек ауданы бойынша  МКБ басшысы Ринат Бақтияров,аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов, кәсіпкер Бауыржан Сабанов қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан Сүйінбаев сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыс орталығында ұйымдастырылған шараларды баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

Жиынды Айгүл Туркина қорытындылап, дөңгелек үстелді ұйымдастырған аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Осындай  дөңгелек үстелдер Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдарында да өткізілді.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

                                                                        Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале