10.06.2015, 17:25
Оқылды: 24

Кәсіподақ жетекшілері марапатталды

DSC_003810 маусым – Қазақстанның кәсіподақтар күні және биыл Қазақстанның кәсіподақтарының құрылғанына 110 жыл толып отыр.

Осыған орай, Жәнібек аудандық мемлекеттік мекемелер кәсіподағының төрағасы Мейрамбек Ибатов аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерін мерекемен құттықтап, ақшалай сыйлық табыс етті.

Сонымен қатар еліміздің даму жолында өз қызметін адалдықпен атқарып, еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтағы қоғамдық қызметі  үшін Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Меңдібаева мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале