8.11.2016, 18:14
Оқылды: 21

Кәсіпорын мен мекемеде тексеру жүргізілді

?

?

Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында БАҚ өкілдерінің алдында облыстық еңбек инспекциясының басқарма басшысы Азамат Айтуов өзі басқаратын ұжымның ағымдағы жылдың он айында тындырған істері жөнінде есеп берді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары өңіріміздегі жұмыс берушілердің ҚР Еңбек заңнамасын сақтауы бойынша 376 кәсіпорын мен мекемеде тексеру жүргізді. Соның 11 шінара, 365 жоспардан тыс тексеру.
Тексерудің басым көпшілігі еңбек инспекциясына түскен арыз-шағымдар мен өтініштер бойынша жүргізілді. Жүргізілген тексерудің барысында 399 заң бұзушылық анықталған. Соның 265-і еңбек қатынасы, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау байынша 24 заң бұзушылық тіркелді.
110 заң бұзушылық халықты жұмыспен қамту саласына тиесілі. Барлық заң бұзушылық жағдаяттарына орай еңбек инспекциясының қызметкерлері тиісінше әкімшілік шаралар қолданды. Жұмыс берушілердің басым көпшілігіне айыппұл салынды. Жекелеген тұлғалардың істері құқық қорғау орындарына жолданды.
Соңында өңіріміздің бас еңбек инспекторы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале