10.08.2015, 19:15
Оқылды: 25

Кәсіптік білімді көтеру керек

 

авг конфБүгін Оралдағы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі базасында облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында ұйымдастырылған жиынның пленарлық отырысына облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сөз сөйледі.

Тамыз мәслихатының басты мақсаты – Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, ҚР «Білім туралы» Заңында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндетттерді жүзеге асыру болды.

Жалпы, облыстағы 38 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес колледждерде) 22 мыңнан астам адам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптерін алуда.

авг конф (1)2014-2015 оқу жылы «эксперименталды алаң» мәртебесі беріліп, 14 колледжде 15 мамандық бойынша 38 кәсіпорынмен дуальдық оқыту жүйесі енгізілді.

2014 жылы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілердің білімі мен біліктіліктерінің деңгейін тәуелсіз бағалаумен 138 мамандық пен біліктілік бойынша 7014 адам қамтылып, теориялық тестілеу мен практикалық жұмыстарды орындау қорытындысымен 6577 адам немесе қатысушылардың 93,7% сәйкестік сертификаттарын алды.

Биылғы ұзын-саны 200-ге жуық мамандар қатысқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі бес секцияда өтіп, кеңес барысында 2014-15 оқу жылында атқарылған жұмысқа сараптама, талдау жасалды. Жаңа оқу жылына жоспар жасалды, арнайы ұсынбалар талқыланып, қабылданды. Жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале