9.06.2015, 19:12
Оқылды: 24

Кәсіпқой емес медиатор

DSC_0171Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы кәсіпқой емес медиатор Құрман Бисеғалиев өзі осы міндетке кіріскен былтырғы сәуірден бергі бұл уақытқа дейін 119 рет бітімгершілікке араласқан екен. Соның отызы – осы жылдың басынан бері.

Айта кетейік, Құрман Жанұзақұлы  мұғалім, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.

- «Медация туралы» Заңның,- дейді кәсіпқой емес медиатор,- қарапайым тілмен айтсақ, адам тағдырына қатысты дау-дамайды сотқа жеткізбей-ақ шешудегі немесе соттың қарауында жатқан істі де тоқтатып, бітімгершілікке берудегі,  сөйтіп, айғақтар мен құжаттар жинауға, адвокат жалдауға уақыт кетірмеуде орны зор. Мұны қазақтың қашанда сөзге тоқтағандығымен байланыстыруға болады. Бірақ күрделі жайттарға тап болып жүрмін. Ақ-қараны айырып, адалдықтың ақ жолын айқындау, сөйте отырып ымыраға келтіру  заңнамадан хабардар болуды айтпағанда, халқымыздың ғасырлар қойнауынан бергі дәстүрін, құндылықтарын оқып-үйренуді талап етеді. Қолымнан келгенше осыған тырысып жүрмін.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале