31.03.2016, 12:50
Оқылды: 40

Кәсіп ашқыңыз келе ме? Құба-құп.

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық   комиссия отырысы  өтті.

      Жиынға аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Амангелді Тоғызбаев, төраға орынбасары, комиссия мүшелері, ауыл әкімдері қатысты. Олар күн тәртібінде  аталмыш бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік  бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» бойынша  несие алуға ниет білдірген адамдардың  өтініштері мен құжаттарын қарастырды.


         Атап айтар болсақ, Январцев ауылдық округіне қарасты Чинарев ауылының тұрғыны Н.Лұқманов шаруа қожалығын ашуға жер телімі туралы құжаттарының әзір екендігін айта  отырып, енді сүтті мал шаруашылығын дамытуға   2 млн. теңге көлеміндегі қаржының жоқтығы қол байлау болып отырғандығын жеткізді. Ал, Железнов ауылдық округі, Новенький ауылының тұрғыны «Калашников» шаруа қожалығының басшысы Н.Калашниковтың көкөніс егетін жері бар екен. Енді қожалық басшысы көкөніс шаруашылығын одан әрі дамыту үшін, яғни қырыққабат, сәбіз, қызылша, картоп өсіруге, көкөніс сақтайтын қойманы өз ауласынан салуға құрылыс материалдарына қажетті 1,6 млн.теңгенің жетіспейтіндігін айтты.

     Бүгінгі таңда шағын шаруашылығы бар Переметный ауылдық округі, Калинин  ауылының тұрғыны, «Зорюшка» шаруа қожалығының басшысы Г.Каркулаға мал шаруашылығын дамытуға 3 млн.теңге болса, жұмыс өрге басқалы тұр екен.

        Сонымен бірге, Переметный ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Т.Кузнецова 1 млн. теңге көлемінде қаржы алса, шаштаразды жөндеп , керекті құрал-жабдықтарын алмақ ниетте. Зеленый ауылдық округі, Зеленый ауылының тұрғыны, «Исмағұлов» шаруа қожалығының басшысы А.Исмағұлов: - 3 млн.теңге қаржы болса, мал шаруашылығын дөңгелетер едім,-дейді.

       Иә, дұрыс. Қазір  екі қолды қалтаға салып, құр босқа сенделіп жүретін уақыт емес. Ниеті болып еңбектенген жан қайткен күнде де мақсатына жететініне сеніміміз бек.

      Коммиссия мүшелері «кәсібімді ашамын, әрі қарай шаруа басын дөңгелетемін» деген аты-жөні аталған жандарға бір ауыздан келісім бергені біз үшін қуанышты жәйт.

        Сондай-ақ, комисссия төрағасы А.Тоғызбаев алдағы уақытта өтетін аудандық комиссия отырысында несие алуға ниет білдірген Б.Сембиев, Б.Асқаров, Р. Жұмағұлова, М. Жұмашевтардың өтініштері мен құжаттарын қарастыратынын хабарлады.

          Жиын барысында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ережесін орындамай, жауапкершілікпен қарамай жүрген жандардың мәселелері қаралып, комиссия мүшесі тиісті шешім қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале