31.05.2015, 20:57
Оқылды: 38

Кәсiпқой фотосуретшi Р. Халелов ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды

Rafhat Кәсiпқой фотосуретшi, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Рафхат Халелов Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізге ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс білдіреді»,-делінген алғыс хатта.

Оның журналистика саласында бiрнеше мақаласы, фоторепортаждары үзбей газет, журнал беттерiнде: “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Парасат”, “Орал өңiрi” және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келедi.

Талантты суретші түсірген фотоқорда  Қазақстан Республикасының қоғам-саясаткер­лерi және мәдениет қайраткерлерi Талғат Мұсабаев, Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшiмов, Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Ескендір Ха­сан­ғалиев сынды тұлғалардың жұлдызды сәттері мол. Сондай-ақ егемен еліміздің даму тарихында орын алған оң өзгерістер: жаңадан бой көтерген зәулім ғимараттар, саяси басқосулар мен табиғаттың көркем сәттерін қалт жібермей, суретке түсіре білген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале