9.02.2016, 15:00
Оқылды: 30

Көздіғараға көгілдір отын келді

????????????????????????????????????

 Сарой ауылдық округіне қарасты Көздіғара елді мекенінде көгілдір отынның алауын жағу рәсімі өтті. Көздіғара жұртының көптен қуанышын бөліскен аудан әкімі А.Шыныбеков шараға қатысып, халықты құттықтады.


 –  Ауданымызға 2010  жылы алғаш көгілдір отын тартылды. Осы бес жыл ішінде  22 елді мекен газдандырылды.  2014 жылы басталған жоба  республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, облыс басшылығының қолдауымен ауданның бірнеше елді мекендерін көгілдір отынмен қамтылып, тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға сеп болды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 189 шақырым. Оның бойында бір шеті Қоңырдан бастау алып, Қызылағаш елді мекеніне дейінгі он елді мекенді биыл газға қосып отырмыз.  Бұл әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанның қарышты дамып келетіндігін көрсетеді. Елбасы  Жолдауында айтылған басты міндет –  алдыңғы кезекте халықтың әл-ауқатын жақсарту.  Айрандай ұйып отырған ауызбіршілігі бекем,ауданның мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып келетін Көздіғара елді мекеніне көгілдір отын қосып отырмыз.   Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Елге келген жақсылық Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жалғасын таба берсін!- деді Абат Абайұлы.

Газдың үлкен трассасын ауылға "ТасқалаТрансГаз" ЖШС жеткізіп берсе, ауылішілік құбырларды "Нұржан" ЖШС жүргізді. А
Ауыл тұрғындары атынан Нәсіп Сұлтанғалиева  құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына орай жасалған тартуға аналық алғысын білдірді. Газдың алауын жағу рәсімін аудан әкімі А.Шыныбеков пен ауылдың ақ әжесі Н.Сұлтанғалиева, "ТасқалаТрансгаз" ЖШС-нің учаске басшысы А.Махметов жасады.

Ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күнге орай ауыл әжелері шашу шашты. Аудандық мәдениет үйінің әншілері, дарындылар топырағы Көздіғара ел мекенінің тумасы М.Мұқанов, А.Алдамжаров, Б.Қанатовтар елдің тойына құтты болсын айтып, ән шырқады. Төбесі көкке жеткен көздіғаралық ағайындар әсем әнге би билеп, қуаныштарын жасыра алмады.

Ауылда әзірге бір ғана үй көгілдір отынға қосылды, енді 15 үй сақадай сайланып отыр.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале