19.04.2016, 11:38
Оқылды: 19

Көз тартар керемет көрме

????????????????????????????????????

     Егемендігімізді алып, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 25 жыл. Бұл мерейтойдың еліміз үшін  маңызы зор.

     Шаһарымыздағы Қадыр Мырза Әлі атындағы  облыстық  мәдениет және өнер орталығында аталмыш мерейтойға орай өңіріміздің әр аудандары көрме ұйымдастыруда.Осы уақытқа дейін Бөрлі, Ақжайық, Казталов аудандарының  көрмесін қараған жұртшылық 15 сәуір күні Зеленов ауданы ұйымдастырған көрмені тамашалады.


     Зеленов ауданының балаларға қосымша білім беретін тәрбие жұмысы орталығының директоры Әлия Әлібекованың айтуынша, көрмеге жасөспірімдер мен жастардың 300-ге жуық қол өнер туындылары қойылған.

    Шараның ашылу салтанатына көпшілікпен қатар «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова,облыстық мәдениет және өнер  орталығы директорының орынбасары Мұратжан Жолбаев, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова, аудандық жастармен жұмыс ресурстық орталығының басшысы Нұржан Ешмұратов куә болды.

     Одан әрі республикамызға танымал суретші Қ.Оразғалиев көрмеге қойылған туындылардың айрықша екендігіне, сан алуандығына, бір сөзбен айтқанда,өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына шексіз ризашылығын білдірді.

     Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.Құлжанова Зеленов ауданының балаларға қосымша білім беретін тәрбие жұмысы орталығының директоры Ә.Әлібековаға алғыс хат ұсынды. Ал, аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов мерейтойға арнап ұйымдастырылған көрменің маңыздылығына тоқталып, өнер иелерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале