1.07.2015, 20:31
Оқылды: 42

Көкпар тартып, жамбы атты

Kokpar tartuuu    Орал қаласының іргесінде орналасқан Асан ауылының маңындағы атшабарда ат спорты түрлерінен жастар арасындағы ел біріншілігі өтті. Аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату және көкпар бойынша өткен жарыс 6 күнге созылды. Жарыстың соңғы күні көкпардан үздік шыққандардың жүлдеге таласын өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың өзі келіп тамашалады.

Осы жарыста қола медальді облысымыз бен Жамбыл облысының командалары сарапқа салды. Тартысқа толы болған жарыс қорытындысында 5:2 есебімен жеңіске жеткен жамбылдық ұжым ел біріншілігінің қола жүлдесіне ие болса,  бірінші орын  үшін таласқа түскен қызылордалықтар мен оңтүстікқазақстандық көкпаршыларының сайысында Шымкенттен келген жігіттердің мерейі үстем болды. Ал аударыспақта сайысқа түскен жігіттер арасында 50 келіде оңтүстіктің өрені Еламана Пернебек жеңіске жетсе, 60 келіде қызылордалық Бердібек Жорабек, 70 келіде ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов, 80 келіде оңтүстіктің тағы бір өрені Есімхан Рахматулля үздік шықса, 80 келіден жоғары тартатын аударыспақышлар жарысында Ақтөбенің намысын қорғаған Саят Сатым ел чемпионы атанды. Сондай-ақ теңге ілу жарысында ақтөбелік Әлихан Бәшенбай үздік деп танылса, жамбы ату сайысында Оңтүстік Қазақстан облысының мергені Ералхан Айкөз жеңімпаз атанды.

Жарыстың жабылу салтанатында облыс басшысы Нұрлан Ноғаев: «Бұл біріншілік тек спорттық сайыс қана емес, жоғымызды тауып, барымызды асыртқан сайыс, рухымыз бен дәстүрімізді қайта оятқан сайыс. Құрметті спортшылар, сіздер аттың үстінде жай ғана отырған жоқсыздар. Сіздер, кешегі батырлардан қалған, қазақтың қанына сіңісті болған, аттың жалында отырып рухын, намысын, күшін, қуатын, ептілігін айқындайтын осындай бір ғажайып дүниенің жалғастырушысыздар. Ұмыт бола бастаған ұлттық спортымыздың құтқарушышысыздар», - деп барлық келген командаларға ризашылығын білдірсе, ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтурушысы Рамазан Сәттібаев жарыс ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп, өңір басшысы мен біріншіліктің өтуіне септігін тигізген барлық адамдарға ұлттық спорт түрлері федерациясының перзиденті Бекболат Тілеуханның алғысхаттарын ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕНОВ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале