3.05.2016, 11:06
Оқылды: 28

Көктемгі-далалық жұмыстар басталып кетті

Shingirlau koktemgi jymis    Шыңғырлау ауданында көктемгі –далалық жұмыстар барысында ылғал жабу 100 %-ға орындалды. Жоспарланған 15900 га ылғал жабу жер көлемі түгел игерілді. Бүгінгі таңда «Жарас» ЖШС-гі, «Жаңа жер» шаруа қожалығы 6000 га, Ащысай ауылдық округінен «Жақып», «Есен» шаруа қожалықтары 2000 га, ал өзге шаруашылықтар қалған көлемді игерген.


     Дән себу жұмыстары да басталып кетті, Лубен ауылдық округінен «Өнім», «Байқатов» шаруа қожалықтары 200 га арпа егіп тастады, алдағы күндерде дәнді құмай (сорго) егуді жоспарлап отыр. Полтава ауылдық округінен «Сапашев» шаруа қожалығы 300 га мақсары (софлор) егіп тастады. Жалпы аудан бойынша 3600 га дәнді дақылдар егу жоспарланып, бұл бағытты негізгі жүзеге асырушы «Жарас» ЖШС-гі, «Жаңа жер» шаруа қожалығы. Майлы дақылдар 3400 га жоспарланды, 300 га жерге егілді, бұл салада 7 шаруа қожалығы жұмыстануда..

    Шаруа қожалықтарының бұл бағыттағы жылдағы жұмыстарына бүгінгі субсидия берудегі өзгерістер, жылдағыдай әрбір гектарға төленетін субсидияның болмауы өз әсерін тигізуде. Бірақ, бұл субсидия қазір осы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізетін техникалық паркті жаңартуға ауыстырылып отыр. Яғни, 400 га-дан кем емес егіндік жеріңіз болса, 50%-дық жеңілдікпен немесе лизингтік әдіс бойынша әуелгі 15%-дық төлемақыны енгізіп, қалған соманы бөліп төлеу арқылы жаңа техника алуға мемлекет субсидиямен қосымша көмек көрсететін болып отыр.

    Бау-бақшалық өнімдер, көкөніс егуді жылдағыдай «Гефесть» шаруа қожалығы (А.Рудь) және Ақбұлақ ауылдық округінде жаңадан ашылған «Ақтау» шаруа қожалығы (Б.Матаев) жоспарлап, 10 га жерге картоп екті. Бұлар өз кәсібінде тамшылатып суару әдісін ұйымдастыруда. Жалпы аудан бойынша 100 га картоп, 80 га көкөністер, 110 га бау-бақша отырғызу межеленген.

     Биыл жерде ылғал қоры мол. Шаруалар жердің қызуын күтіп отыр. Ауданымыздағы 67 шаруашылық нәрлі мал азығын дайындауға ынталы. Жоспар бойынша 700 га еркекшөп (житняк), 2500га қонақ жүгері (сорго) және 500 га судан шөбін еккелі отырмыз,- дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Өміржан Отарбаев.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале