20.05.2015, 17:13
Оқылды: 36

Көктемгі егіс қарқынды

Koktemgi dikanshilar    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамырдың 15 күнгі мәліметіне сүйенсек, биылғы көктемгі егісте 273,91 мың гектар жаздық дәнді дақылдар егу жоспарланып, ол 32,6 пайызға орындалған. Аудандардың арасынан Тасқала ауданы егіс жоспарын 47,7 пайызға, Теректі 46,1 пайызға, Шыңғырлау 41,5 пайызға орындап, көштің басында келеді. Соның ішінде жаздық бидай егу жұмыстарын шыңғырлаулықтар 60,3 пайызға, теректіліктер 46,8 пайызға, сырымдықтар 37,5 пайызға, тасқалалықтар 34,2 пайызға еңсерген. Арпа егу жұмыстары бойынша Тасқала ауданы (62,4 пайыз) алға шықса, одан кейінгі орында Бөрлі (46,5 пайыз), Сырым ауданы  (44 пайыз) тұр. Тары егуді тасқалалықтар 50 пайызға, сырымдықтар 27,5 пайызға орындаған.

Соңғы мәлімет бойынша, бүгінде өңір диқандары жоспарлы жаздық майлы дақылдар егу жұмыстарын 31,8 пайызға орындаған. Шыңғырлау ауданы жоспарлы 3 мың гектар майлы дақылдардың 1,5 мың гектарын егіп, жоспарды 50 пайызға орталаған. Бөрлі ауданы 9,30 мың гектарға майлы дақылдар егуді межелесе, бүгінде соның 4,05 мың гектарына майлы дақылдар егіп, жұмысты әрі қарай жалғастыруда. Майлы дақылдар егістігі алқабының көлемі бойынша Зеленов ауданынан кейінгі орындағы Теректі ауданы жоспарлы 15,50 мың гектардың 5,24 мың гектарына майлы дақылдар егіп, жоспарды 33,8 пайызға еңсерген. Ал егістігінің көлемі жағынан бірінші орындағы (17 мың гектар) Зеленов ауданы майлы дақылдар егу жұмыстарын 27 пайызға (4,58 мың гектарын) игерген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале