17.03.2016, 16:11
Оқылды: 30

Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу қажет - БҚО әкімі

 Nogaev N  Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу қажет. Бұл туралы бүгін БҚО әкімдігінде өткен кеңесте мәлім еткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тиісті басқармалар мен жедел әрекет ету қызметі басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Өңір басшысы барлық әкімшілік, қаржылық және ұйымдастырушылық күш-көздерді жұмылдырып, көктемгі су тасқынына сақадай сай дайын болудың маңыздылығын және сол үшін шенеуніктердің жауап беретінін атап көрсетті. «Мемлекеттік органдар мен жедел әрекет ету қызметі жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз ету керек. Алдын ала арнайы техникаларды дайындап, өзендерде мұз жару жұмыстарын уақтылы жүргізіп, көпірлер мен дамбаларды сақтау қажет. Қажет болғанда адамдарды көшіруге әзір болу керек», деді әкім.

Жыл сайын әдетте наурыз айының аяғында өзендерде мұз жару жұмыстары басталады.

Еске сала кетейік, көктемгі су тасқынының алдын алудағы бірінші кезектегі шараларға биыл 90 млн. теңге бөлінген болатын. Сонымен қатар облыстық бюджетте төтенше жағдай орын ала қалған жағдайға 497,5 млн. теңге қарастырылған.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале