28.03.2016, 10:17
Оқылды: 17

Көктемгі тазалық – дәстүрлі іс

Orda koktemgi tazalik   Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Н.Рахымжановтың төрағалығымен өткен мәжілісте ағымдағы біраз мәселелер қозғалды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауылдық округтер мен мекемелерде аудан орталығында апта сайын мәдени-көпшілік шара ұйымдастыруы туралы» хабарлама жасаған аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиева жоспарланған кестемен таныстырып, «Тәуелсіздің шежіресі» ауанында қамтылар жайларға тоқталды.


Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы А.Әжіғалиев жиналғандар назарын 2016 жылдың екінші жартысындағы баспасөзге жазылу жайына аударып, мемлекеттік рәміздерді қолданудың ережеге сай болуын қадағалауды тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале