11.03.2016, 19:37
Оқылды: 18

Көктемгі қысқа мерзімді әскерге Ақжайық ауданынан 797 азамат шақырылады

????????????????????????????????????

 Өткен жылғы әскер қатарына шақырудың қорытындысымен облыс аудандары арасында Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім І орынға шықты. Мұнда әрине, бөлімнің жеке құрамының ғана емес, ауылдық округ әкімдерінің, олардың жауапты мамандарының, дәрігерлердің еңбегі зор. Әлбетте, тиісті заңнамаға сай мықты назар аударатын іс жеткілікті. Бөлімнің әскер қатарына шақыру шаралары бойынша өткен отырыста алда тұрған міндеттер жан-жақты пысықталды. Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз сөйледі.


17 наурызда ауданда кесте бойынша 797 азаматтың қамтылуымен көктемгі қысқа мерзімді әскер қатарына шықыру басталады. Медициналық комиссия екі жерде – Чапаев пен Тайпақ ауылдарында жұмыс істейді. Бүгінде аудан аумағында тұрмайтын немесе оқуға түскен азаматтар болса, бұл жайында міндетті түрде түпнұсқа анықтамамен расталуы тиіс. Егер шақырудан жалтарғандар болса, оларды ауылдық әкімідік мамандары полицияның учаскелік инспекторларымен бірге анықтауы тиіс. Отырыстағы өз сөзінде аудан әкімі осыны басым баяндап, ешкімге де ысырып тастамай, мәселеге бірлесіп қараудың маңыздылығын айтты, жауапты істе полиция қызметкерлеріне зор сенімін білдірді.

Ұшырасып жүрген бір кемшілік – шақырылушылар арасында дәрігерлерге тексерілуге жіберілгендердің сонда бармай, уақыт өткізіп жүріп алатыны. Демек, тегін олардың медициналық мекемелерге мезгілінде баруын қадағалаған абзал. Осы және басқа да міндеттер туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Мейрам Шотанов өзінің баянатында жан-жақты көрсетті. Ол әкімдіктегі шақыру шараларына жауапты мамандарының арасындағы ең белсенділеріне Алғыс хаттар тапсырды, ауқымды іске атсалысушы басқаларға, дәрігерлерге зор ризашылығын арнады.

 www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале