6.04.2016, 18:29
Оқылды: 37

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

????????????????????????????????????

    Үстіміздегі айдың бірінші жұлдызында көктемгі әскерге шақыру маусымы басталғаны белгілі. Бұл науқан Зеленов ауданында да қарқынды жүзеге асуда. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиевтің айтуы бойынша әскери қызметін өтеуге шақырылған 700-ге жуық адамның қазіргі таңда 25 пайызы ғана келіпті. Алдын ала берілген тапсырма бойынша 90-нан астам жасты әскер қатарына жіберу көзделген. «Бірнеше күн бойына медициналық тексерістен өтіп жатырған болашақ сарбаздардың көбінде қан қысымының жоғарылығы, скалиоз, көз нашарлығы мен май табан сияқты аурулар табылуда. Дегенмен әскерге барамын деп өзінің Отан алдындағы борышын өтеуді парызы санап отырған жастар да бар»,-дейді Ғабділжәлел Қабдыбайұлы.


     Сондай-ақ шақырылған уақытта келмей әскерге барудан қашқақтап жүрген азаматтар қылмыстық кодекстің 387 бабы бойынша жауапқа тартылып, оларға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын да айта кеткіміз келеді. Сондықтан әскерге баруды міндетті санамайтын келген шақырту қағазды елемей жүрген азаматтарымыз ойланса дейміз.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале