9.03.2016, 19:14
Оқылды: 16

Көктем-2016 дайындық пысықталды

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданында «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы өтті.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде іс-қимыл және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Амантай Жұмағұлов, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, азаматтық қорғаныс құрылымдары тартылды.


Шара барысында су тасқыны салдарының іргетасы шытынаған, «Нұр Отан» партиясы ғимаратындағы адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіліп, Қасым Аманжолов атындағы мектептің апатқа дайындығы пысықталды.

Оқу-жаттығу жиынын қорытындылаған төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері тұрғындардың төтенше жағдайға дайын екендіктерін айтып, эвокуациялау кезінде кеткен кемшіліктерді жоюды тапсырды.

  www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале