17.09.2015, 15:03
Оқылды: 22

Көктеректе – заманауи интернат

Kaztalov kokterek internat

 

Казталов ауданында «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша Көктерек ауылдық округіндегі мектеп жанындағы интернатқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген болатын. Бұл жұмысты Серік Жолымбетов жетекшілік жасайтын «Батыс Строй Сервис» ЖШС жүргізді. Нәтижесінде  61 млн.  теңге қаражат көлемінде  атқарылған жөндеу жұмыстары сапалы атқарылып шықты.

16 қыркүйек күні заманауи жөнделген интернат тәрбиеленушілерге есігін айқара ашты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, -бұл заманауи интернатта жатып, білім алушылар Отанымыздың белсенді азаматтары болып қалыптассын, -деген тілегін жеткізіп, аудан әкімінің интернатқа теледидарды сыйға тартқанын айтып өтті. Ата-аналар атынан сөз алған Айжан Әбдірахманова, - осындай оқушыларға өз үйлерінен кем емес интернаттың күрделі жөндеуден өтуіне қолдау көрсеткен аудан, ауыл әкімдігіне және білім бөлімі мен мектеп ұжымына рахметін айтты.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале