12.08.2015, 20:22
Оқылды: 37

Көліктерде медициналық қобдишалар жоқтың қасы

 

АймурзиеваБҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева осы жол-көлік оқиғаларының бірде- бірінде көлік жүргізуші жарақат алған адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетпегенін тілге тиек етті.

- Себебі көліктерде медициналық қобдишалар жоқтың қасы. Жол-көлік оқиғасында қан кету, сыну, шығу, күйік көп кездеседі. Сол кезде алғашқы

медициналық көмек көрсетуге арналған бинт, қан тоқтататын таңғыш

материал, лейкопластыр,  сутегі тотығы, қайшы, қолғап сияқты құралдардың жоқтығынан жарақат алғандар «Жедел  жәрдем» келгенше қансырап әлде басқалай зардап шегіп жатады. Оқиға орнында көбіне көлік жүргізушілердің өздеріне психологиялық көмек қажет болады. Сондай кезде жаяу жүргіншілер, оқиға болған жерден өтіп бара жатқан адамдар көмекке келсе екен дейміз. Куәгерлердің жарақат алған адамға көмек көрсетуі оның өмірін сақтап қалуға септігін тигізуі мүмкін, - деді ол.

Мәншүк Құдайбергенқызы соңғы жылдары көлік жүргізуші куәлігін алып жатқан жастардың жол жүру ережелерін жетік білетіндеріне күмәнді.

- Көлік жүргізушілерді дайындайтын мектептердің білімді қаншалықты дәрежеде беріп жатқаны бізге белгісіз. Қалада велосипед мен мотоциклдердің көбейгені де жол-көлік оқиғасының жиілеуіне өз әсерін тигізуде,-  деді ол.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай САРИЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале