21.07.2015, 18:22
Оқылды: 27

Көлік иелерінің қолын ұзартқан дүкен

Akjayik kolik ielerinin kolin yzartti   Чапаевтағы Ихсанов пен Исаев көшелерінің қиылысында автобөлшектер сататын жаңа дүкен ашылды. Тоғыз жолдың торабы саналатын Ақжайық ауданының орталығы сөйтіп, жаңа бір сауда орнымен толықты.

Дүкен иесі кәсіпкер Бауыржан Құбашев автомашина үшін келушілер сұраған қосалқы бөлшектерін тауып беруде. Мұнда Қазақстан жолдарында жүретін кез-келген жеңіл машинаның дүниесі табылады. Сауда орны Самара, Алматы қалаларынан келетін жабдықтармен толығуда. Әйтеуір, бәрі бар.

Әзір мұнда інісі Серік Құбашев, баласы Жандос Жәдігеров көмекші болып жұмыс жасауда. Дүкен екі бөлмелі. Тұтынушылардың өздеріне қажетті деген «темір-терсектерін» аралап, қарап көруге мүмкіншілігі мол. Түскі үзіліссіз жұмыс жасайды.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале