31.07.2015, 18:03
Оқылды: 23

Көлік саласына жүктелер міндет зор

B Maken kolik    Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда көлік қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

-Құрметті көлік саласының қызметкерлері, ардагерлер, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Үкіметтің алдына ел-халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін үлкен міндеттер қойып отыр. Республикамызды бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосу бағытында дайындалған «100 нақты қадам» жоспарының 65-ші қадамында көлік-коммуникациясының интеграциясы туралы айтылған. Онда «Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз» мультимоделдік көлік дәлізін құру жөнінде сөз болады. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Былтыр біз венгриялықтармен бірлесіп жаңа автобустар шығару жөнінде келісім жасадық. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Темір жол тасымалы да жүйелі түрде дамуда. Жаңа бағытта желілер ашылып, вагондар жаңартылуда. «Астана-Орал» жүрдек пойызы жыл соңына іске қосылады деп жоспарлануда. Соңғы екі жылда Орал әуежайындағы ұшып-қону жолы қайта жаңғыртудан өтуде. Биыл жөндеу жұмыстары аяқталып, әуежай үлкен сыйымдылықты әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік алады. Сол арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау көлемі өседі. Облыс орталығының әлем елдерімен байланысу мүмкіндігі артады, - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Шара соңы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале