15.09.2016, 17:11
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында 135 адам көлік салығын уақытылы төлемеген

????????????????????????????????????

 Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жыл басынан «Салық  және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» салық Кодекісінің 369-бабының 3-тармағына сәйкес, хабарламаларды уақтылы орындамаған 135 жеке тұлғаға қатысты 3384,3 мың теңге көлемінде аудандық сотқа бұйрық шығаруға өтініш жолдады.


Айталық, жылдың 15 қыркүйегіне дейін 114 жеке тұлғаға 2374,5 мың теңге көлемінде көлік құралдары салығын өңдіру жөнінде сот бұйрығы шығарылды. Содан бүгінге 48 сот бұйрығы бойынша 841,6 мың теңге көлемінде берешек сома өндірілді.

  - Аумақтық сот орындаушысы және жеке сот орындаушылары шығарылған сот бұйрықтары бойынша жеке тұлғалардың жылжымалы мүліктеріне және шекара асуға тыйым салу, жұмыс орындарына және зейнетақы төлеу орталығына берешегі бар салық төлеушілерді жолдап, берешек сомаларын өндіруде. Көлік салығын төлеушілердің көпшілігі өздерінің көліктерінің салығын уақытылы төлемеген. Тіпті біразы  өздерінің көлік құралдарын сенімхат арқылы сатып алушыға сатып жіберіп, «көлік салығын төлемеймін» деп сенімді отырады. Ескі нөмірлері көлік иелерінің атында тіркеліп тұрғандықтан, салығын төлеуге міндетті. Көлік салығын төлеу мерзімі салық кодексінің 369-бабының 3-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін екенін де білмейтіндер бар. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары жеке сот орындаушыларымен бірлесе, сот бұйрықтарын орындау мақсатында, салық берешектері бар салық төлеушілерден мәжбүрлеп өңдіру жұмыстарын жүргізуде,- дейді аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Қартабаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале